Семей қалалық сотында кезекті «Ашық есік күні» өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сот төрелігінің ашықтығы мен қолжетімділігін жоғарылату және жас мамандарды тарту мақсатында Семей қалалық сотында кезекті «Ашық есік күні» өтті. Қазақ гуманитарлық - заң инновациялық университетінің студенттер тобы үшін сот қызметінің ерекшеліктері және азаматтық іс жүргізуіндегі қолданылатын заманауи электрондық технологиялар туралы экскурсия жүргізілді.

Кеңсе меңгерушісі Н.О.Бакенова: «Бүгінгі күні барлық сот отырысының залдары 100 пайыз дыбыс-бейне құрылғысымен жабдықталған және азаматтық істер осы құрылғыларды пайдалануымен қаралады. Жаңа технологияларға көшу бұл заман талабы, бюджет қаражатын үнемдеп, судьялар, сот отырысының хатшылары мен сот мамандарының жұмысын жеңілдетеді, ал бастысы - қарапайым азамат үшін сот төрелігін қолжетімді, жүйені ашық етеді» - деп атап көрсетті.

 Болашақ заңгерлер тағылымдамадан өту және мемлекеттік қызметке түсу мәселесіне қызығушылық танытты.

 

Семей қалалық сотының

баспасөз қызметі