Риддер қалалық сотындағы дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 

Риддер қалалық сотында «Сот үкімдері бойынша мемлекет пайдасына алынуға жататын сомаларды өндірудің өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Шараға Риддер қаласы прокуроратурасының бөлім прокуроры Горбачева А.Е., Риддер аумақтық сот орындаушылар бөлімінің аға сот орындаушысы Р.А.Манапова, жеке сот орындаушылар Меткеев Т.А., Хасанов Р.К. және Риддер қалалық сотының аға приставы А.Кесикбаев қатысты.

Шараны аша отырып, Риддер қалалық сотының төрағасы Т.Қ.Адаспаев сотпен шығарылған сот актілері бойынша мемлекет пайдасына алынуға жататын борыштар туралы статистикалық деректерді келтірді. Осы бағыттағы жұмыстардың қанағаттандандырусыз қалып отырғанын айтып өтті.

Өз кезегінде сөз алған Р.А.Манапова, осы бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізіліп жатқанын, Риддер аумақтақ сот орындаушылар бөлімі қызметкерлері апта сайын бірлескен рейдтерге шығып тұратынынын айтты.

Жеке сот орындаушылар Меткеев Т.А. Хасанов Р.К. осы санаттағы өндірістер орындауға енді ғана түсе бастағанын айтты. Олар кей өндірістер бойынша «Рақымшылық туралы» Заң нормаларын қолдану туралы ұсыныстарымен сотқа шықпақшы.

Осыларды қорытындылай келе сөз алған Риддер қалалық прокуратура өкілі А.Е.Горбачева, прокуратура үшін сот актілері мемлекет пайдасына қаражат өндіру басым бағыттардың бірі екендігін, осы мәселе қала прокурорының тұрақты бақылауында болатынын айтты. Борышкерлерге апта сайын бірлескен рейдтермен шығудың тиімділігі туралы айтып, осы тақырыпты талқылауға әр жұма сайын кездесіп тұруды ұсынды.

Шара соңында Т.Адаспаев қатысушыларға осы өзекті мәселені талқылауға белсенділік көрсеткендері үшін алғысын білдірді.

 

Риддер қалалық сотының

баспасөз қызметі