Риддер қалалық сотында кеңес өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Риддер қалалық сотында сот актілерінің орындалуы бойынша тұрақты түрде айналысуға жұмыс тобы құрылып, әр аптаның жұмасында атқарылған жұмыс туралы есеп беру және талқылау туралы шешім қабылданған болатын.

Риддер қалалық сотының төрағасы Т.Адаспаев аталған мәселе бойынша Риддер аумақтық сот орындаушылар бөлімінің аға сот орындаушысы Р.А.Манаповамен және осы салаға жауапты қадағалаушы Риддер қалалық прокуратурасының бөлім прокуроры А.Е.Горбачевамен жұмыс кеңесін өткізді.

Шарада сот төрағасы жауапты тұлғалардың апталық есебін тыңдап, қатысушылармен осы мәселені талқылауда келесі аптада атқарылатын жұмыстардың басым бағыттары  анықталды.

 

Риддер қалалық сотының

 баспасөз қызметі