Рақымшылық актісін қолдану туралы ОВ 156/18 түзеу мекемесінің ұсыныстары қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жарма аудандық соты рақымшылық актісін қолдану туралы  бейне-конференц байланыс арқылы ОВ 156/18 түзеу мекемесінің ұсынысы бойынша 10 сотталғандарға  қатысты бақылау істерін қарады.

1966 жылғы 16 желтоқсандағы азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық пактісінің 6 бабы, 2005 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңымен ратификацияланған Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабына сәйкес, әрбір сотталушы оған рақымшылық актісін қолдану құқығына үміттене алады.  

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығына байланысты рақымшылық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабының талабына сәйкес, онша ауыр емес, сондай-ақ ауырлығы орташа қылмыс жасаған адамдар,  жазасын өтеп жүргендер негізгі жазадан босатылады.

Соттың қаулыларымен ОВ 156/18 түзеу мекемесінің ұсыныстары қанағаттандырылды. Сотталғандарға рақымшылық жасау актісі қолданылды.                                                                          

Қаулылар заңды күшіне енген жоқ.

 

 Жарма аудандық сотының

баспасөз қызметі