Пилоттық жоба аясында ақпараттық кездесу өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің  бас ғимаратында: «Медиатор-ХХІ ғасырдың мамандығы» атты ақппараттық кездесу өтті. Кездесуге Шығыс Қазақстан облысының № 1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының мамандары, медиаторлар және университет оқытушылары қатысты.

Шығыс Қазақстан облысының № 1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының мамандары медиаторлардың татуласу рәсімдерінде ерекше рөл атқаратынын атап көрсетті. Медиация арқылы тараптар уақыт пен қаражатын үнемдейді  және жақсы қарым-қатынаста қалады. ҚР Жоғарғы Сотының пилоттық жобасының енгізуіне байланысты қоғамдағы көптеген өзекті мәселелерді шешуге болады.

Кездесу қортындысында қатысушылар медиация саласы бойынша өз тәжірибемен және мәселелерімен бөлісті.

 

ШҚО № 1 кәмелетке толмағандардың

істері жөніндегі мамандандырылған

ауданаралық сотының баспасөз қызметі