Өскемен қаласының №2 сотында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес сұрақтары бойынша брифинг өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен қаласының №2 сотының судьясы М.Кислова сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес сұрақтарына арналған, «Менің өлкем» облыстық газетінің корреспонденті А.Өрібаевтың қатысуымен брифинг өткізілді.

Өз сөзінде судья М.Кислова 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы - Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жүзеге асырылуына бағытталғанын айтып өтті.

Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік басқарудың тиімділігін, елдің инвестициялық тартымдылығын төмендететінін, әлеуметтік-экономикалық қарыштап дамуды тежейтінін судья ерекше айтып көрсетті. Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді, әлемдік стандарттарға сай институттары мен тетіктерін құру бағытымен мақсатты және кезең-кезеңмен жүріп келеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қағидаттары адам мен азаматтың заңды мүдделері мен еркіндіктерін, құқықтарын қорғауға, заңдылыққа, жариялылық пен ашықтыққа, мемлекет пен азаматтық қоғам бірлестігіне, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жүйелі әрі кешенді жүргізуге, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға шаралар қолдануға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізетін тұлғаларды ынталандыруға, сыбайлас жемқорлық үшін жазаны күшейтуге бағытталған. Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігі ең бірінші заңның үстемділігінде, сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің адалдығы мен қызметтерінің жариялығы – сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат сәттілігінің негізі болып табылады.

Брифинг соңында тілші сауалдарына толық жауаптар алды.

 

Өскемен қаласының №2 сотының 

баспасөз қызметі