Өскемен қаласының №2 сотында дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен қаласының №2 сотында сот актілерін орындауға қатысты мәселелерді талқылауға байланысты дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына Өскемен қаласының №2 сотының судьялары Қ.Қасымов, Д.Қожахметов, Өскемен қаласының прокуратура бөлімінің прокуроры А.Бердыкенов, Өскемен қаласы бойынша сот үкімдері мен әкімшілік айыппұлдарды іздестіру бөлімінің аймақтық бөлімшесінің аға сот орындаушысы А.Илиясов, мемлекеттік сот орындаушысы Ж.Шаймарданова, сот мамандары А.Маусеитова, Д.Кашкенбаева қатысты.

Іс-шара барысында 2008-2016жж. аралдығындағы сот актілерінің орындалуы, жазаның негізгі өлшемі ретінде мүлікті тәркілеу, айыппұлды іздестіру, заттай дәлелдемелерді мемлекет пайдасына үлестіру сияқты бөліктері талқыланды.

Судья Қ.Қасымов сот орындаушыларына алдыңғы дөңгелек үстелдің қорытындысымен дайындалған, методикалық ұсыныстарды міндетті түрде жұмыста қолдануды тапсырды.

Жиын соңында сот орындаушыларына сот актілерінің уақытылы орындалуына қандайда бір шара қолданып, жауаптарын сотқа жолдау ұсынылды.

 

Өскемен қаласының №2 сотының

баспасөз қызметі