Өскемен қаласының №2 сотында брифинг өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен қаласының №2 сотының судьясы С.Сарсенбаев бұқаралық ақппарт құралдарының қатысуымен мемлекеттік тілдің дамуы жөніндегі брифинг өткізді.

ҚР Президентінің  2010 жылдың 1 ақпанындағы №922 «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарының дамуы туралы» жарлығына сәйкес  2011 жылы 29 маусымда Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды.

Бұл бағдарламаның мақсаты мемлекеттік тілдің қолдану аясында Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдерін ескере отырып ұлттық бірлікті нығайту және тіл саясатының мемлекеттік тілінің ауқымын кеңейту болып табылады.

Судья С.Сарсенбаев өз сөзінде мемлекеттік тілдің рөлінің маңыздылығын және Мемлекеттік тіл бағдарламасының жүзеге асырылып жатқандығын атап өтті.

Іс шараның соңында судья тілшілердің қойған сұрақтарына жауап берді.

 

Өскемен қаласының №2 сотының

баспасөз қызметі