Өскемен қалалық сотында «Неке және отбасы дауларын қарау барысында туындайтын сұрақтар» тақырыбында семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен қалалық сотында «Неке және отбасы дауларын қарау барысында туындайтын сұрақтар» тақырыбында семинар  өтті. Бұл іс-шараға сот судьялары қатысты.

Семинар жұмысы барысында сот тәжірибесінен мысалдар келтірілді, азаматтық істерді қарау кезінде туындайтын мәселелер нақтыланды.

Семинарда судья М.С. Магзумова неке және мүлікті бөлу дауларында тараптардың құқықтарын қорғаудың бірнеше тәсілдерін қарастыратындығын, оның бірі - бітімгершілік келісіммен дауды шешу екенін атап өтті.

Сонымен қатар, Махаббат Магзумова өз сөзінде, сот отырысында тараптардың  мүліктік дауларын шешу барысында, даулы мүлікті бағаламай, оған тиісті төленетін мемлекеттік баж төленбегендігі жиі кездесіп жататындығын. Сонымен қатар, осындай талаптар дайындық сатысында емес, сот отырысының жүргізу барысында талап етілетіндігін айтты. Осындай кемшіліктерді алдын алу үшін, судьяның дайындық сатысында тараптарды шақырып, қарсы талабынының бар жоғын, яғни ортақ мүліктердің дауларының мәселесін шешуі қажет екендігін атап өтті.

 

Өскемен қалалық сотының

баспасөз қызметі