Мемлекеттік қызметкерлердің кешенді аттестаттау сұрақтары түсіндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семей қалалық сотында Шығыс Қазақстан облыстық сотының персоналды басқару бөлімінің басшысы Ж.Акабаеваның, бас маман К.Нугарованың қатысуымен кездесу өтті. Жиын барысында Семей қаласындағы сот мамандарына тілдесу - аттестаттаудың соңғы кезеңінің сұрақтары түсіндірілді.

«Аттестаттаудың үшінші кезеңінің өткізілуі сәуір айының 3-нен 14-не дейін жоспарланып, бейнеконференц байланыс арқылы 400-дей адам бағаланады. Аттестаттаудың басты мақсаты мемлекеттік қызметкерлердің атқаратын лауазымдарына кәсібилік дайындылығын және сәйкестігін анықтау болып табылады. Барлық процесс дыбыс-бейнежазбаға жазылады, аттестаттау комиссияның мүшелері біржақтылық үшін жауапкершілікке тартылады. Әрбір бес сұраққа 4 минут уақыт беріліп, оның ішінде екі сұрақ атқаратын лауазымының бейімді мамандылығына байланысты қойылады, сұраққа дайындық үшін бір минут бөлінеді. Жеке құзыреттілікті анықтау үшін сұрақтар жеке құзыреттерді бағалайтын тест нәтижелері бойынша беріледі. Аттестатталушының жауаптардың нақтылығы көрсеткішіне назар аударылады. Егер жауаптардың нақтылығы 50 пайыздан жоғары болса тек «дамыту үшін құзыреттер» бойынша, ал 50 пайыздан төмен болса, «дамыту үшін құзыреттер» немесе «әлді жақтарға» жататын, сұрақтар барлық құзыреттер бойынша қойылады»- деді Ж. Акабаева.   

 

Семей қалалық сотының

баспасөз қызметі