«Мемлекеттік қажеттілікке байланысты жер телімдерін алу дауларына қатысты соттық тәжірбие талдауының жобасын талқылау» тақырыбыңда дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен қалалық сотымен «Мемлекеттік қажеттілікке байланысты жер телімдерін алу дауларына қатысты соттық тәжірбие талдауының жобасын талқылау» тақырыбыңда дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шара жұмысына «Өскемен қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» ММ-нің өкілдері Н. Е. Ушакова, А. Джуасова, Жерді қорғау мен қадағалау Басқармасының өкілдері  А.Т.Тұрысбекова, Н.Т. Айтханова, МемЖҚМ директорының орынбасары  Р.Б.Дауталинов, жетекші орынбасары О.Ю.Бедарева, БАҚ өкілдері қатысты.

Мемлекеттік қажеттілікке байланысты жер телімдерін мәжбүрлі түрде алу дауларына қатысты соттық тәжірбие талдауының жобасын талқылағаннан кейін, «Өскемен қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» ММ-нің өкілдері Н. Е. Ушакова мен А. Джуасовадан осы санаттағы даулар бойынша сотқа дейінгі реттеу бойынша ұсыныстар түсті. Жеке негізде хабарламалар жіберу күнін 3 күннен 10 күнге дейін ұзарту ұсынысы түсті, бұл рәсім сотқа талап арыз беріп жүгінумен және осы санаттағы даулар бойынша соттық әуре-сарсаңмен күресуге өз септігін тигізетіндігін баяндады.  

Өткізілген талқылау нәтижесі бойынша дөңгелек үстел қатысушыларымен сұрақтар қойылып, оларға сәйкесінше жауаптар берілді.

 

Өскемен қалалық сотының

баспасөз қызметі