Мемлекет басшысының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаҺандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауы зерделенді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен қалалық сотында «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаҺандық бәсекеге қабілеттілік» атты мемлекет басшысының Жолдауын талқылау бойынша жиналыс өтті.

Сот төрағасы Б.К. Тайтолеуов Ұлт көшбасшысының елімізді жаңғырту бойынша бұл бастамасы «Қазақстан-2050» стратегиясы мақсаттарының нақтылана түсуіне жол бастауға бағытталғандығын атап өтті. Елбасымен    экономикалық өсім қарқынының орташа әлемдік деңгейден биік болуын және де еліміздің әлемдегі ең алдыңғы қатарлы 30 мемлекеттің қатарына қосылуын қамтамасыз ететін  бес негізгі басымдықтарын анықтап берді.

Елбасы өз жолдауында сот жүйесінің алдына- заң алдында баршаның бірдей болуын қамтамасыз ету жолындағы жұмыстарды жалғастыру, сот жүйесіне халық сенімінің қалыптасуына қол жеткізу, судьялар қызметіне ешбір заңсыз ықпал етуді болдырмау, сондықтан әрбір судья мен маманға Елбасының қойған тапсырмаларын іске асыру үшін ұлттық юрисдикцияның сапасын көтеру бойынша жұмыс жүргізу қажеттілігі туралы межелер қойды.

Жиналыс барысында, басшылық Елбасы Жолдауының негізгі басымдылықтарын көрсетіп, оларды іске асыру жолында барлық шаралар жүргізіп, алға батыл қадам басуға шақырды.

 

Өскемен қалалық сотының

баспасөз қызметі