Медиация туралы пилоттық жобаны түсіндіруге арналған дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Күршім ауданының № 2 аудандық сотымен дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеу мәселелерін талқылауға арналған «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді.

Іс-шараға сот төрағасы Р.Омаров, судья С.Жунуспекова кәсіби емес медиаторлар З.Кикенбаева, А.Нугумарова және Н.Жадранова қатысты.

«Дөңгелек үстелде» Р.Омаров азаматтық сот өндірісінде даулардың жекелеген санаттары бойынша медиация институтын міндетті түрде қолдану бойынша енгізілген пилоттық жобаның маңыздылығына тоқталды. С.Жүніспекова аталған жоба татуластыру рәсімдерінің қолдану аясын кеңейтуге, азаматтардың сот шығындарын азайтуға, халықтың дауларды соттан тыс реттеуге қызығушылығын анықтауға бағытталғандығын атап өтті.

Сонымен қатар, іс-шараға қатысушылар аталған тақырып бойынша өз пікірлерін ортаға салып, медиацияны халық арасында кеңінен насихаттап, түсіндіру жұмыстарын жиі жүргізу керектігін айтты.

Іс-шараға белсенді қатысқан округтің медиаторлары пилоттық жобаға қолдау білдіріп, мұндай іс-шаралардың жиі өткізілуіне тілектестік білдірді.

 

Күршім ауданының № 2 аудандық  сотының

баспасөз қызметі