Медиация тәртібінде татуласты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Зырян аудандық сотымен ҚР ҚК-нің 108-бабымен көзделген (денсаулыққа жеңіл зиян келтіру) құқық бұзушылық жасағаны үшін А.С.Полтараковқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта істі қарау кезінде, А.Полтараков жәбірленушінің үйінде бола тұра оның денесіне жеңіл жарақаттар тигізгені анықталды.

Сот мәжілісінде тараптардан медиация тәртібімен татуласуларына байланысты қылмыстық істі қысқарту туралы өтініш түсті.

Сот қаулысымен тараптардың медиация тәртібімен татуласуларына байланысты қылмыстық іс қысқартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Зырян аудандық сотының

баспасөз қызметі