Медиация тәртібімен қылмыстық іс қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Риддер қалалық сотымен В.Н.Быковтың Г.Ф.Родионованы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 131-бабы, 1-бөлімімен (қорлау, яғни басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін әдепсіз түрде кемсіту) қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы жеке шағымы бойынша қылмыстық іс қаралды.

Істі басты сот талқылауына тағайындауға дейін сотқа жеке айыпкер В.Н.Быков пен сотталушы Г.Ф.Родионова арасында медиатор К.Д.Манакованың делдалдығымен жасалған медиативтік келісім ұсынылды, оның шарттары бойынша тараптар істі қысқартуды сұраған.

Сот қаулысымен Г.Ф.Родионованы ҚР ҚК-нің 131-бабы, 1-бөлімімен айыптау бойынша қылмыстық іс тараптардың медиация тәртібімен татуласуына байланысты қысқартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Риддер қалалық сотының

баспасөз қызметі