Медиация тараптарды татуластыру нысаны

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бородулиха аудандық сотының төрағасы С.Д.Байбосынова  даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру ережесін талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына «ШҚО Бородулиха ауданының  жұмыстылық және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің өкілдері басшысы Д.М.Бергенев, мамандары О.А.Морозова және А.Жұмадилова,   Г.Ибраева қатысты.

 Талқылау барысында сот төрағасы медиацияны өткізу принциптері және  пилоттық жобаның тәртібі, сонымен қатар, мақсаты мен міндеттеріне тоқталды. Аталған пилоттық жоба татуласу рәсімінің қолдану аясын кеңейтуге, тұрғындардың соттан тыс дауды реттеуге мүдделілігін арттыруға, нәтижесінде жанжалдасу деңгейінің төмендеуіне, оның ішінде отбасындағы жанжалдасу деңгейінің азайуына көмектеседі.

Талқылаудың соңыңда қатысушылар өзара пікір алмасты.

 

 

Бородулиха аудандық сотының

баспасөз қызметі