Медиация - дауларды шешудің ең тиімді тәсілі

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен қалалық сотына Банк Д-ға қарызды өңдіру және кепілдікке қойылған мүлікті өңдіріп алу туралы талап арызымен шағынданды.

Істі сот талқылауына дайындау кезінде тараптар дауды шешу үшін татуластыру рәсімдерін өткізуге өтініш берді.

Азаматтық іс бойынша медиация өткізу барысында тараптар өзара тиімді шарттарымен келісімге қол қойды.

Аталған дауда тараптардың арасында сот медиация тәртібімен реттеу туралы келісім, заңға қайшы келмегендіктен немесе кімнің де болсын құқықтарын, бостандықтарын, заңды мүдделерін бұзбағандықтан, сот бекітіп, іс бойынша өндіріс тоқтатылды.

Ұйғарым күшіне енген жоқ.

 

Өскемен қалалық сотының

баспасөз қызметі