Материалдық зиян өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен қалалық сотында материалдық зиянды өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Талапкер өзінің талабында, 2016 жылы жауапкердің шатырдан қармен сумелекті тазалау барысында, пәтерді су басып қалғанын айтып көрсетті. Сот сараптама қорытындысы бойынша пәтерді қалпына келтіру құны 63 200 тенгені құрады.

Өскемен қалалық соты талапкердің материалдық зиянды өндіру туралы талап арызды ішінара қанағаттандырды. ПИК «М»-дан талапкердің пайдасына  63 200 теңге материалдық зиян және 17372 теңге сот шығындары өндірілді.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

 

Өскемен қалалық сотының

баспасөз қызметі