Мастануды анықтауға куәландырудан өткізу тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Риддер қаласының мамандандырылған әкімшілік соты мастануды анықтауға куәландыру жүргізу тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.  

Дөңгелек үстел жұмысына сот судьялары, Риддер қаласының ҚІІБ ЖПҚ қызметкерлері, Риддер қаласының Психиатриялық диспансерінің дәрігерлері қатысты. 

Сот төрайымы Г. Оспанова  алкогольдік мастану жағдайында көлік құралын басқаратындарды әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулы шығарылатындығы жөнінде айтып өтті. Әкімшілік жауапкершілікке тартуға  дәлелдің бірі психобелсенді затты қолдану мен мастану жағдайын белгілеу үшін медициналық куәландыру қорытындысы болып табылады.   Берілген куәландыру психобелсенді затты қолдану фактісі мен мастану жағдайын белгілеу үшін медициналық куәландыруды өткізу бойынша Нұсқаулық негізінде жүргізіледі.   

Судья Ж Жунусова барлық жиналғандар үшін психобелсенді затты қолдану және мастану жағдайы фактісін анықтау үшін медициналық куәландыруды өткізу бойынша Нұсқаулықты бұлжытпай сақтауға, ілеспе құжаттардың барын анықтауға көңіл бөліп, клиникалық мәліметтер негізгі зерттеу болып табылатындығын, сонымен бірге есірткілік мастану зертханалық тексерумен расталатынын жеткізді.           

Қатысқан дәрігерлер алдында  ЖПҚ қызметкерлері куәландыруға байланысты өткізіліп жатқан жұмыстар туралы, куәландыру кезінде кездесетін проблемалар жөнінде мәлімдеді. 

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша берілген тақырып жөнінде қатысқандар проблемалық мәселелерді талқылады. 

 

 

Риддер каласының мамандандырылған

әкімшілік сотының баспасөз-қызметі