Мамандандырылған күзет қызметінің мамандарымен семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ұлан ауданының №2 аудандық сотында «Жергілікті соттар ғимаратына өткізу және ішкі объектілік тәртіп» тақырыбында семинар сабағы өтті.

Шара жұмысына сот приставы Д.Абилмажин, сот мамандары, МКҚБ 2-ші бөлімінің командирінің көмекшісі А.Налома және сот ғимаратындағы күзет қызметімен айналысатын тұрақты қызметкерлер қатысты.

Сот приставы Д.Абилмажин іс-шараның басты мақсаты - аудандық сотта ішкі қауіпсіздік ережелерін  үнемі сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу екендігін атап өтті.

Семинарда сотқа шақыру қағаздарымен келген тараптарды тіркеу тәртібі талаптарын орындау және сот залына кіргізу мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, жеке және заңды тұлғалармен қызметтік емес байланыстарды болдырмау, өздерінің атқарып отырған  қызметтерін адал әрі сапалы түрде орындау қажеттігі атап өтілді.

Семинар барысында барлық туындаған сұрақтар бойынша түсіндірме берілді.

 

Ұлан ауданының № 2 аудандық сотының

баспасөз қызметі