Қылмыстық теріс қылық туралы іс медиация тәртібімен қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Көкпекті аудандық сотына Ж.Темербековадан Ж.Сарсембаевты Қылмыстық кодекстің 108-бабымен қарастырылған қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін жауапкершілікке тарту туралы жеке шағымы келіп түскен.

Сотта, Ж.Сарсембаевтың жанжал барысында жәбірленушіні ұрып оның денсаулығына жеңіл дәрежелі зиян келтіргені анықталды.

Сотта тараптарға медиация тәртібімен татуласу мүмкiндiгi түсiндiрілген соң, тараптар медиация тәртібімен татуласуға қол жеткізу туралы келісімін жасап сотқа ұсынды.

 Сот, Ж.Сарсембаевқа қатысты  қылмыстық іс тараптардың медиация тәртібімен татуласуына байланысты тоқтатылды.

Қаулы заңды күшіне еңген жоқ.

 

Көкпекті аудандық сотының

баспасөз қызметі