Қылмыстық іс бойынша медиация қолданылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Риддер қалалық сотымен М.М.Семеновті ҚК-тің 108-бабымен (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы жеке шағым бойынша қылмыстық іс қаралды.

Істі басты сот талқылауына тағайындауға дейін жеке айыптаушыдан және сотталушыдан істі медиация тәртібімен татуласуларына байланысты бірлескен өтініш түсті.

Сотқа жеке айыптаушы мен сотталушының арасында медиатор К.Д.Манакованың делдалдығымен жасалған медиативті келісім ұсынылды.

Риддер қалалық сотының қаулысымен тараптардың медиация тәртібімен татуласуларына байланысты М.М.Семеновты ҚК-тің 108-бабымен айыптау туралы қылмыстық іс өндірісі қысқартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Риддер қалалық сотының

баспасөз қызметі