Қылмыстық іс бойынша брифинг өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Н.А.Жақсыбекова ҚР ҚК-нің 99-бабының, 1-бөлігімен (адам өлтiру, яғни басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату) сотталған Н-ға қатысты қаралған қылмыстық іс бойынша БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді.      

Судья Н.А.Жақсыбекова сотталушы Н-ға қатысты қаралған қылмыстық іс бойынша БАҚ өкілдерінің  қойған сұрақтарына жауап берді. Сотталушы Н. кеңсе қайшысын қолдану арқылы қасақана жәбірленуші П-ті өлтірген.

Соттың үкімімен сотталушы Н-ға 10 (он) жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазасын ерекше режимдегі түзеу колониясында өтеуге деп белгіленді. Сотталушының әрекетінде қылмыстың қауіпті қайталануы танылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

ШҚО қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық сотының

баспасөз қызметі