Қылмыстық іс бойынша брифинг өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Е.С.Қоянбаев қаралған қылмыстық іс бойынша БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді.      

Судья Е.С.Коянбаев сотталушы А-ға қатысты қаралған қылмыстық іс бойынша БАҚ өкілдерінің  қойған сұрақтарына жауап берді. Сотталушы А. пышақ қолдану арқылы жәбірленуші С-ны қасақана қазаға ұшыратқан.

Соттың үкімімен сотталушы А-ке 9 жыл 6 ай  бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеу белгіленді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

ШҚО  қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық сотының

баспасөз қызметі