Күршім ауданының № 2 аудандық сотында жаңадан тағайындалған төрағаны таныстырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Күршім ауданының № 2 аудандық сотында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Е.О. Айтпай Күршім ауданының №2 аудандық сотының ұжымына жаңадан тағайындалған төрағаны таныстырды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 20.02.2017 жылғы № 426 Жарлығымен Омаров Руслан Еркинбекович Күршім ауданының №2 аудандық сотының төрағасы болып тағайындалды.

Омаров Руслан Еркинбекович бұрын Абай аудандық сотында 3 жыл судья қызметін атқарған. 21.01.2005 жылдан 20.06.2013 жылға дейін Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының  прокуратурасында, қалалық прокуратурада прокурор көмекшісі,  20.06.2013 жылдан 24.02.2014 жылға дейін Шығыс Қазақстан облыстық басқармасында прокурор қызметін атқарған.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы    Е.О.Айтпай Р.Е.Омаровты төраға лауазымына тағайындалғанымен құттықтап, оған және сот ұжымына сот төрелігін күшейтуде және жоғарғы жетістіктерге жетуді тіледі.

 

Күршім ауданының № 2 аудандық сотының

баспасөз қызметі