Қоғамдық жұмыстарға тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Курчатов қалалық сотында  К.Ж. Джаумбаевты ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігімен (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын осындай адамның басқаруына беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) айыптау туралы қылмыстық іс қаралды. 

Сот отырысында, К.Ж.Джаумбаев көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған бола тұра, Курчатов қаласында автокөлік құралын алкогольдік масаң күйінде басқарғандығы анықталды.

Сот К.Ж. Джаумбаевты ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп тауып, 100 (жүз) сағат мерзімінде қоғамдық жұмыстарға тартып, көлік құралдарын басқарумен байланысты қызметпен айналысу құқығынан 3 (үш) жыл мерзімге айыру туралы үкім шығарды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Курчатов қалалық сотының

баспасөз қызметі