«Әкімшілік жауапкершілік» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы А.Молдагожина 44293 әскери бөлімінде «Әкімшілік жауапкершілік» тақырыбында  дөңгелек үстелге қатысты.

Шараның мақсаты әскери қызметкерлердің арасында құқықбұзушылықтарды жою және оның алдын алу болып табылады.

Төраға өз сөзінде әкімшілік құқықбұзушылықтар үшін сотпен тағайындалатын әкімшілік жаза түрлерін айтып, әскери қызметкерлер көп жағдайда әкімішілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 30-тарауы көліктегі, жол шаруашылығындағы әкімшілік құқық  бұзушылықтар бойынша жауапқа тартылатындығына тоқталды.  

Дөңгелек үстел соңында қатысушылар өз пікірлерімен бөлісті.

 

Семей қаласының мамандандырылған  әкімшілік сотының

баспасөз қызметі