Әкімшілік іс медиация тәртібімен қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Зырян аудандық сотында соты ӘҚБтК-нің 73-бабының, 1-тармағында (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық жасаған В.Брикатнинға  қатысты әкімшілік іс қаралды.

В.Брикатнин өзінің үйінде алкогольдік  масаң күйінде жанжал шығарып, жұбайына қатысты балағат сөздер айтқаны анықталды.

Сотта істі қарау кезінде, жақтар кәсіби емес медиатордың қатысуымен татуласып, дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімдерін сотқа ұсынды.

Сот қаулысымен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс тараптардың медиация тәртібінде татуласуларына байланысты қысқартылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

 

Зырян аудандық сотының

баспасөз қызметі