Әкiмшiлiк қадағалау туралы заңнаманы бұзғаны үшін айыппұл салынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің 480-бабының, 1-бөлігімен (бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамның әкiмшiлiк қадағалау қағидаларын немесе өзiне қатысты сот белгілеген шектеулерді орындамауы) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған Р.Ыдырысовқа  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта, Р.М. Ыдырысов Семей қаласы Әуезов ПБ «Әуежай»  участкелік полиция пунктіне тіркеуге келмей, Семей қаласы №2 сотының өзіне қойылған әкімшілік қадағалау қағидалары мен шектеулерін бұзғандығы анықталды.

Сот қаулысымен  Р.М.Ыдырысов  ӘҚБтК-нің 480-бабының, 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып,  10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 22 690 теңге айыппұл салу туралы жаза тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ. 

 

Семей қаласының мамандандырылған

әкімшілік сотының баспасөз қызметі