Әкімшілік қадағалау орнатылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

ШҚО Көкпекті ауданының №2 аудандық сотында бас бостандығынан айыру орындарынан жазасын өтеп, босатылған  И.П.Строкатоваға қатысты әкімшілік қадағалау орнату туралы Самар полиция бөлімінің ұсыным құжаттары қаралды.

Іс материалдарында көрсетілгендей, И.П.Строкатова бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаннан кейін үш жылдық мерзім өтпей, алкогольдік ішімдікке салынып, қоғамға қарсы қылық көрсетіп, бір жылдың ішінде 3 қайтара қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Сот, қылмыстық құқық бұзушылықтарды алдын алу мақсатында, И.П.Строкатоваға 6 ай мерзімге бірқатар шектеулер қойып әкімшілік қадағалау орнатты. 

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Көкпекті ауданының №2

аудандық сотының баспасөз қызметі