Қазақстан Республикасының отбасылық және гендерлік саясат концепциясын насихаттау бойынша семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен қаласының №2 сотында «Қазақстан Республикасының отбасылық және гендерлік саясат Концепциясы» тақырыбында судья Г.Қайролдина семинар өткізді. Іс шарада судьялар мен сот мамандары қатысты.

Судья Г.Қайролдина өз сөзінде, 2016 жылы 6 желтоқсанда Қазақстан Республикасының отбасылық және гендерлік саясат жөніндегі концепция ҚР Президентінің жарлығымен бекітілгенін айтып өтті.

Гендерлік стратегияны іске асырудың аяқталуына қарай  мемлекеттік гендерлік саясатының жаңа кезеңін халықаралық дамудың негіздері мен ұлттық стратегия басымдықтарымен және әлеуметтік саясатында жаңа қағидаларды қалыптастырумен ұштастыруға қолайлы мүмкіндіктерге жол ашылды.

Қазақстан Республикасының гендерлік саясатының іске асыру мынадай қағидаларға жүзеге асырылады:

  • Зкономикалық, әлеуметтік, мәдени, азаматтық құқықтарының теңдігін жыныстық айырмашылықтарға қарамай қалыптастыру.
  • Мемлекеттік және қоғамдық өмірде дискриминацияға,  гендерлік ассиметрияға жол бермеу.
  • Гендерлік сана қалыптастыру және қоғамда гендерлік стереотиптерді жою.

Іс шараның қорытындысында судья Г.Қайролдина семинарға қатысушыларды барлық қызықтырған сұрақтарға жауаптар берді.

 

Өскемен қаласының №2 сотының

баспасөз қызметі