«Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне енгізілген өзгерістерді талқылау» тақырыбымен баспасөз мәслихаты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 

Үржар аудандық сотының ғимаратында «Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодесіне енгізілген өзгерістерді талқылау» тақырыбымен баспасөз мәслихаты өткізілді.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне енгізілген өзгерістерді түсіндіру мақсатымен сот төрағасы Д.С.Серикбай  аудандық «Уақыт тынысы» газетінің тілшісі, аудандық қорғаушылар, аудандық прокуратураның  және ішкі істер бөлімінің  өкілдерінің қатысуымен баспасөз мәслихатын өткізді.

Баспасөз мәслихаты барысында  Қазақстан Республикасы 2017 жылдың сәуір айының 18 күнгі № 58-VI санды Заңымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексіне өзгерістер енгізілген, яғни 46, 81, 467 баптары өзгертілгендері  айтылды. 46 баптың  жаңа редакциясында сотталғандарды қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелеріне орналастыру туралы түсінік енгізілгені жарияланды. Сонымен қатар 467 бабы 1-1 бөлікпен толықтырылды, онда Қылмыстық Кодекстің 45-бабының ережелері әскери қызметшілерге қатысты және осы Кодекстің 41-бабының үшінші бөлігінде, 42-бабының үшінші бөлігінде және 43-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылады деп белгілей отырып, оның қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұру туралы жарияланды.

 

 Үржар аудандық сотының

 баспасөз қызметі