«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты Рақымшылық туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Күршім ауданының №2 аудандық сотына пробация қызметінен сотталған К.Тежекеновқа, А.Мазбаевқа және В.Денисенкоға рақымшылық заңын қолдану туралы ұсыныстары келіп түсті.

Сотталғандарға бас бостандығын айыруға қатысты емес жазалар тағайындалған.

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығына байланысты рақымшылық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабының талабына сәйкес, онша ауыр емес, сондай-ақ ауырлығы орташа қылмыс жасаған адамдар, жазасын өтеп жүргендер негізгі жазадан босатылады деп айқындалған.

Соттың қаулыларымен пробация қызметінің мекемесінің ұсыныстары қанағаттандырылып, сотталғандарға рақымшылық жасау актісі қолданылып, олар негізгі жазадан босатылған.

Қаулылар заңды күшіне енген жоқ.

 

Күршім ауданының № 2 аудандық сотының

баспасөз қызметі