Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына «Қазақстанның үшінші жаңғыруы»: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауы семинар барысында талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Көкпекті ауданының  № 2 аудандық сотында Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына «Қазақстанның үшінші жаңғыруы»: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты  жолдауы семинар барысында талқыланды.

Іс шараға соттың судьялар мен мамандары қатысты. Сот төрағасы Н.Нұралинов өзінің баяндамасында мемлекет Басшысы елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсімнің жаңа моделін құру үшін тапсырма бергендігіне тоқталды. Бірінші жаңғыру –әлем картасында болмаған жаңа мемлекет құру. Екінші жаңғыру «Қазақстан-2030» стратегиясының қабылдануымен және жаңа елорда – Астананың салынумен басталғандығы. Екі табысты жаңғыру баға жетпес тәжірибе бергендігін түсіндірді. Біз енді алға батыл қадам басып, Үшінші жаңғыруды бастауға тиіспіз. Бұл жаңғыру – қазіргі жаһандық сын-қатерлермен күрес жоспары емес, болашаққа, «Қазақстан-2050» стратегиясы мақсаттарына бастайтын сенімді көпір болмақ. Ол Ұлт жоспары – «100 нақты қадам» базасында өткізіледі.

Судья А.Амреева өз сөзінде, аталған шараның мақсаты талқылауды іске асырудың басым бағыттардың бірі Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауындағы "Үшінші жаңғыру-Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілігі»- сот жүйесіне деген сенімін арттыру болып табылатындығын айтып өтті.

Семинар соңында сот төрағасы Н.Нұралинов, бесінші басымдық, яғни мемелекет Басшысымен жеке меншікті қорғауға, құқық үстемдігіне және баршаның заң алдында теңдігін қамтамасыз етуге бағытталған реформалар жүргізуді жалғастыру керектігі туралы жөнінде ескерткенін атап өтті.

 

Көкпекті ауданының  № 2 аудандық сотының

баспасөз қызметі