Катонқарағай ауданының №2 аудандық сотында «Сот кабинеті» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Катонқарағай ауданының №2 аудандық сотында «Сот кабинеті» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Шараның мақсаты -  «Сот кабинеті» сервисі туралы  ақпараттандыру, түсіндірме жүргізу.

Іс шараға Катонқарағай мемлекеттік органдарының өкілдері, Катонқарағай аумақтық сот орындаушылар учаскесінің сот орындаушысы, поселкелік полиция бөлімінің учаскелік инспекторы қатысты.

Дөңгелек үстелді ашқан сот төрағасы А.М.Әли келушілерге «Сот кабинеті» жүйесі арқылы сот органдарының ақпараттық жүйесіне кіруге мүмкіндік беретіні және сервистің негізгі мақсаты азаматтарға, өкілдерге, адвокаттарға талап арыздарды және басқа да жүгінулерді сотқа интернет арқылы жолдауға мүмкіндік беретіні, бұл азаматтардың қаражатымен уақытын үнемдеуге, бюрократиялық тосқауылдарды болдырмауға, сот жүйесі қызметкерлерінің азаматтармен байланысын азайтуға, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға себепкер болатыны тураы кең ауқымда түсіндірді.

Бас маман  Ж.Хамитов «Сот кабинеті» сервисімен жұмыс жасау және  арыздарды жолдау тәртібін,  «Сот кабинетін» қолдануын көрсетті.

Дөңгелек үстел соңында қатысушылар пікірлермен бөлісіп, сұрақтарға жауап алды.

 

Катонқарағай ауданының №2 аудандық сотының

баспасөз қызметі