Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотында семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу» тақырыбына семинар өткізілді.

Семинарға соттың судьялары мен кеңсе мамандары қатысты.

Дөңгелек үстелдің мақсаты - сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын жою.

Өз сөзінде соттың судьясы Г.Кудербаева, сыбайлас жемқорлық мемлекет үшін ең қауіпті құбылыстардың бірі екенін айта келе, бұл мәселемен күресу тек құқық қорғау органдары ғана емес, әр азаматтың міндеті және құқық бұзушылық әрекеттерді жасырмай хабарлап отыруы тиіс екендігін, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әр адамның міндеті мен борышы екендігін, сыбайлас жемқорлықтың біздің мемлекетімізбен демократиямызға нұқсан келтіретіндігін, сондықтан, кез-келген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда қоғамдағы төзімділікті қалыптастыру үшін алдағы уақытта жүйелі жағдайлар жасалу керектігін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда барлық мемлекеттік қызметшілердің қатысуы қажеттігін, әрбір мемлекеттік қызметші тек өз іс-әрекеттері үшін жауапты емес, сондай-ақ тұтастай ұжымның жұмысы үшін де жауапты екендігін атап өтіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарының орындалуы ұдайы бақылауда екендігін айтты.

Дөңгелек үстел барысында ШҚО бойынша мамандандырылған күзет қызметі басқармасының бөлім командирі А.Кошкамбаев баяндамасында Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы негізінде  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар мен лауазымды адамдар жүргізуге міндетті екенін атап өтті.

Семинардың соңында сот төрағасы А.М.Әли қандай жағдайда болмасын сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру қажеттілігін қатаң тапсырды.

Катонқарағай ауданының № 2

аудандық сотының

баспасөз қызметі