Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотында БАҚ өкілдері және аудан активімен кездесу өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотында «Даулардың жекелеген санаттары бойынша медиация тәртібімен сотқа дейінгі енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру» сұрақтары бойынша кездесу өтті.

Кездесуге кәсіпқой емес медиаторлар, ауылдық округтерінің әкімі мен әкім орынбасарлары, БАҚ және аудан прокуратурасының өкілдері қатысты.

Іс шараны судья Г.Күдербаева ашып, өз сөзінде медиацияны дамыту мақсатында  Жоғарғы Сотпен даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жоба іске асырылғанын айтты.

Бас маман А.Мұқамәдиева пилоттық жобаны жариялап, медиация жүргізуге болатын даулардың (жанжалдардың) санаттарына тоқталды.

Қатысушылар  пилоттық жобаны қолдап, өз пікірлерімен бөлісіп, жобаны іске асыруға дайын екенін айтты.

 

Катонқарағай №2 аудандық сотының

баспасөз қызметі