Ірі мөлшердегі есірткі заты тәркіленді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Аягөз аудандық сотымен азамат С.-ны Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 296-бабының, 3-бөлігімен (Ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) айыптау туралы қылмыстық ісі қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, Аягөз АІІБ-нің қызметкерлері арнайы есірткі затын іздеуге арналған «Верный» атты итінің қолдануымен азамат   С-ның үйіне тексеру жүргізу барысында, 6 дана полимерлі пакетіне оратылған жалпы салмағы 140,08 грамм құрайтын есірткі  заты-марихуана анықталып, тәркіленіп алынған.

Соттың үкімімен азамат С. ҚК-нің 296-бабының, 3-бөлігімен қылмыстық теріс қылығын жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған  200 сағатқа қоғамдық жұмысқа тарту жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Аягөз аудандық сотының

баспасөз қызметі