Дүкен иесі сатып алушыны соққыға жыққан

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семей қалалық сотында моральдық зиян өтемақысын өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Талапкер сотқа талап арызбен жүгіне келе, азық-түлік сатып алу үшін дүкенге келіп, дүкен иесінің оны соққыға жыққанын көрсеткен. Нәтижесінде құқық бұзушы әкімшілік жазаға тартылып, мемлекет пайдасына 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелген. Сотта зардап шегуші жауапкерден 500 000 теңге көлемінде моральдық зиян өтемақысын талап етті.

Сот шешімімен талап арыз ішінара қанағаттандырылды. Жауапкерден 50 000 теңге көлемінде моральдық зиян өтемақысы өндірілді.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

 

Семей қалалық сотының

баспасөз қызметі