Достық үйінде семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бесқарағай аудандық Достық үйінде әкімдік өкілдерінің, кәсібі және кәсібі емес медиаторлардың қатысуымен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының өкімімен бекітілген «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы ережесі және «Медиация туралы» Заңы      талқыланып,  түсіндірілді.

Шара барысында аудандық сот төрағасы А.Абдрахманов Пилоттық жоба азаматтық сот ісін жүргізуде міндетті медиацияны енгізу және одан әрі дамыту мақсатында жүзеге асырылатынын, оның міндеттері татуластыру рәсімдерін қолдану аясын кеңейту, азаматтардың сот шығындарын барынша азайту, халықтың соттан тыс дауды (жанжалды) реттеу мүдделілігін анықтау болып табылатынын атап өтті.   

Өз сөзінде төраға  пилоттық жобаның баланың мүдделеріне орай (баланың тұрғылықты жерін анықтау, ата-ананың баламен араласу тәртібін анықтау туралы, баланы басқа адамдардан тартып алу туралы, жирма бір жасқа дейінгі оқу орнында оқитын кәмелетке толған балаларға алимент өндіру жайлы), Еңбек Кодексінде міндетті сотқа дейінгі келісім комиссиясына жүгіну тәртібі көзделмеген еңбек даулары, мұрагерлік, көршілердің арасындағы жер учаскесінің шекараларын анықтау, пәтерді су басқандығы туралы, пәтерден шығару, кондоминиумды басқару мәселелері бойынша, некені бұзу және мүлікті бөлу туралы, қарыз келісім шарттары бойынша, сақтандыру шарттары бойынша туындаған даулардың санаттарында қолданылатынын айтты.                                                                

Сонымен қатар, пилоттық жобаны жүргізуге кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар, азаматтық істер қарайтын аудандық және оған теңестірілген соттар, мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттар және медиаторлар қатысатынын баяндады.

Сот төрағасы Ереженің 7-тармағында көзделген медиацияны жүргізудің тәртібін  түсіндірді.

Шара соңында қатысушылар Пилоттық жобаны жүзеге асыру барысында атқарылатын іс-шараларды нақтылап, татуластыру рәсімдерін қолдану аясын кеңейтуге қатысты пікірлерін білдірді.

 

Бесқарағай  аудандық сотының

баспасөз қызметі