Достық үйінде «Отбасылық тұрмыстық қақтығыстағы медиация және Жаңа «Пилоттық жоба» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Достық үйінде Ұлан аудандық сотының судьясы Х.К.Тлеубергенованың  бастамасымен Ұлан ауылының Достық үйінде медиаторлардың қатысуымен «Отбасылық тұрмыстық қақтығыстағы медиация  және «Пилоттық жоба» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Х.Тлеубергенова өз сөзінде, соңғы кезде Ұлан аймағында отбасылық ажырасу процестері көбейіп кеткені туралы сөз қозғады. Көп жағдайда некені бұзу себептері отбасының материалдық жағдайы ғана емес, сонымен қатар ерлі-зайыптылардың некеде өзін-өзі ұстай білмеуі болып табылады. Қарым-қатынаста сөзге келіспеу, ымыраға келу қабілетінің болмауы, көпшілік алдында өз күшін көрсеткісі келетіні, кемсітіп және моральдық тұрғыдан бірін-бірі құртуға тырысу тараптардың жан-жалдасуына әкеп соғады. Жағдайды тыныш және бейбіт түрде шешу үшін татуласу іздеуге бағытталған, жанжалдасушы тараптардың мүддесін тең дәрежеде бітістіретін делдал қажет.

Ұлан аудандық сотының судьясы Х.Тлеубергенова дауды медиатордың қатысуымен реттеу екі тарапқа да қолайлы, себебі медиатор бейтарап болып табылады және даудың нәтижесіне мүдделі емес екенін атап көрсетті.

 

 Ұлан аудандық сотының

баспасөз қызметі