Дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Катонқарағай аудандық сотында «Жекелеген санаттар бойынша дауларды (шиеленістерді) сотқа дейін міндетті реттеуді енгізудің пилоттық жобасын жүзеге асыру бойынша» дөңгелек үстел  өткізілді.

Аталған шараға  судьялар, сот қызметкерлері, аудандық  адвокаттар А.А.Құсманов, Б.Құсаинова, нотариус Б.К.Сембинова, Ж.К.Еркибаев, қоғам өкілдері жәнет аудандық білім бөлімі қатысты.  

Төраға Б.Т.Секербеков конференцияны ашып, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жекелеген санаттар бойынша дауларды (шиеленістерді) сотқа дейін міндетті реттеуді енгізудің пилоттық жобасының ережесі түсіндірілді, пилоттық жобасы бекітілгенін атап өтті.

Пилоттық жоба азаматтық сот ісін жүргізуде міндетті медиацияны енгізу және одан әрі дамыту мақсатында жүзеге асырылатынын, оның міндеттері татуластыру рәсімдерін қолдану аясын кеңейту, пилоттық жобаны жүргізуге кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар, азаматтық істерді қарайтын аудандық және оған теңестірілген соттар, мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттар және медиаторлар қатысатынын баяндады.

Шара соңында семинарға қатысушылар пилоттық жобаны тиімді жақтарын, оның келіспеушілікті азаюына әкелетінін талқылап, оның жүзеге асырылуына дайындықтарын білдірді.

 

Катонқарағай аудандық  сотының

баспасөз қызметі