Дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Көкпекті ауданының  №  2 аудандық сотында «Әкімшілік құқықбұзушылық хаттамасын әзірлеу және мерзімінде сотқа жолдау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге  сот қызметкерлері және Көкпекті ауданының ішкі істер бөлімінің Самар полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің участкелік инспекторлары қатысты.

Дөңгелек үстелдің өткізу мақсаты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғайтын өкілеттілігі бар лауазымды тұлғалармен жіберілетін  процессуалдық қателіктерді талқылау.

Төраға м.а. А.Амреева дөңгелек үстелді аша отырып, өз баяндамасында  ӘҚБтК-нің 803 бабы әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру талаптарына тоқталды, жиналғандарға әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырған кезде жіберілетін қателіктерді көрсетіп және сотқа жіберу уақытын атап өтті.

Іс шара барысында дөңгелек үстел қатысушылары заң қолдану тәжірбесінде туындайтын  өзекті мәселелерге және олардың шешу жолдарына тоқталды, атап айтқанда, құқық бұзушылықтың біліктілігі, дәлелдерді жинау және бекіту, Қазақстан аумағына шет ел азаматтарының жүріп -тұруы, медициналық куәләндыру сұрақтары талқыланды.

А.М.Амреева сот актілерінің орындалуы сот әділдігіндегі ең маңызды бөлшек екенін, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімі осыған байланысты болатынына назар аударды.  Азаматтардың құқықтарын түпкілікті қалпына келтіру сот актісін орындалған кезде ғана туындайды.

Сот актілерінің орындалмауы бүгінгі күндегі көкейкесті мәселелердің бірі болып табылады. Бүгінгі таңда қандайда бір себептермен сот актілерінің үштен бірі өзінің орындалуын таппай отыр.

Кездесу соңында, жиналғандар алда қолдану мақсатында ұсыныс әзірлеп, осындай мазмұнды іс-шара өткізгені үшін сотқа  ризашылықтарын білдірді.

 

Көкпекті ауданының №2

аудандық сотының

баспасөз қызметі