Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Риддер қалалық сотымен Р.Р.Булатовты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (ҚР ҚК) 106-бабының, 1-тармағымен (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) айыптау туралы қылмыстық іс қаралды.

Істі қарау барысында анықталғандай, үйдің дәлізінде сотталушы, алкогольдік масаю әсерінде болып, жәбірленушінің ішіне пышақпен соққы жасаған. Нәтижесінде жәбірленушінің денсаулығына ауыр дәрежедегі зиян, яғни ішіне сұғылған жара түріндегі дене жарақатын келтірген.

Риддер қалалық сотының үкімімен Р.Р.Булатов ҚР ҚК-нің 106-бабының, 1-бөлімі бойынша кінәлі деп танылып, оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Риддер қалалық сотының

баспасөз қызметі