Бородулиха аудандық сотының төрағасы азаматтарды қабылдады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бородулиха аудандық сотының төрағасы С.Д.Байбосынова халықтың құқықтық мәдениетін арттыру, азаматтарға құқықтық көмек көрсету мақсатында азаматтарды қабылдау өткізді.

Азаматтар атап айтқанда, «Медиация туралы» Заңды түсіндіру мақсатында сот актілерін орындамауына байланысты мәселелерімен жүгінген.

Сондай-ақ, азаматтар шығарылған сот актілерімен келіспеген жағдайлары  бойынша жүгінген, оларға одан әрі апелляциялық тәртіппен шағымдану туралы заңнама талаптары түсіндірілді.

Сот төрағасының қабылдауында болған азаматтар қойылған сұрақтарына толық жауаптар алды.

 

Бородулиха аудандық сотының

баспасөз қызметі