Бородулиха аудандық сотының 2017 жылдың 6 айындағы жұмысы қорытындыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бородулиха аудандық сотының төрағасы С.Д.Байбосынова «Аудан тынысы» газетінің тілшісі  С.Әбілқасымұлының  қатысуымен 2017 жылдың 6 айындағы жұмыстарды пысықтау бойынша баспасөз маслихатын өткізді.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес 2017 жылдың 6 айының ішінде 56 қылмыстық, 854 азаматтық, 353 әкімшілік істер есепті кезеңде қаралды. Бітімгерлік қолдана отырып, 17 қылмыстық іс (30,4%), 132 азаматтық (15,5%), 37 әкімшілік істер (10,5%) сотпен аяқталды.

Сот іс жүргізуіне ақпараттық технологияны енгізуге байланысты «Сот кабинеті» қызметі арқылы электрондық түрде талап арыздарды қабылдау жұмыстары бір жолға қойылған.

Бұл қызмет түрі электрондық талап арыздарды және басқа электрондық құжаттарды қыбылдау және есепке алу тәртібі туралы нұсқаулығымен реттелген. Сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға талап арыздарды, арыздарды үйден  немесе кеңседен  шықпай-ақ  тапсыруға мүмкіндік береді. Бұл ретте мемлекеттік бажды да электрондық түрде төлеуге болады.

Сонымен қатар қоғамда сот имиджін арттыру бойынша жұмыстар жүргізіліп отырғанын атап өту керек. Мәселен апта сайын ашық есік күндері өткізіліп, оның шеңберінде барлық ниет білдірушілер сот отырыстарына қатыса алады. Білікті заңгерлік көмек, түрлі семинарлар, брифингтер және дөңгелек үстелдерге қатысуға мүмкіндіктер оңтайлы.  

Баспасөз маслихатын соңында сот төрелігін жүзеге асыру сапасын жоғарлату бағытындағы жұмыстарды  жандандыру қажеттілігі  сөз етілді.

 

Бородулиха аудандық

сотының баспасөз қызметі