Бородулиха аудандық сот төрағасы азаматтардың жеке қабылдауын өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бородулиха аудандық сотында «Ашық есік күні» өтті, онда сот төрағасы C.Д.Байбосынова азаматтардың жеке қабылдауын өткізді.

Азаматтарды қабылдау құқықтық салада туындаған проблемалар мен мәселелерді  тиімді шешу мақсатында өтті. Азаматтардың жүгінулері көбіне сот актілерін және заңнаманы түсіндіруге қатысты болды. Сот төрағасының жеке қабылдауында болған барлық азаматтар өз  сұрақтарына толық жауап алды, оларға қолданыстағы заңнама нормалары түсіндірілді. Одан басқа, сот актілерімен келіспеген жағдайларда заңнамаға сәйкес жоғары сатыдағы соттарға шағымдану бойынша олардың құқықтары түсіндірілді.

Азаматтардың әр шағымдары «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қарауға қабылданды.

Қазіргі уақытта сот төрелігінің ашықтығына, қолжетімділігіне аса назар аударылуда. Қоғам мен мемлекеттің қалыпты және тұрақты дамуының негізі ретінде, азаматтардың сот қорғауындағы құқықтарын іске асыру мәселелеріне басты көңіл бөлінуде.

Бүгінгі күні азаматтар құқықтары бұзылған жағдайда құқықтарын қорғау үшін нақты соттарға жүгінуі азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін білдіреді.

Бородулиха аудандық сотының

баспасөз қызметі