«Баспасөз мәслихаты өткізілді»

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Глубокое аудандық сотында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне соттың 2017 жылдың 1 жартыжылдығында атқарған жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өткізілді.

Баспасөз мәслихатын аша отырып, аудандық соттың төрағасы Серік Жансейітұлы аталмыш кезеңде аудандық соттың жұмысы сот төрелігін сапалы жүзеге асыруға, қағазбастылыққа жол бермеуге, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыруға, сонымен қатар, Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында қойылған тапсырмаларды орындауға бағытталғанын атап өтті.

Аудандық соттың 2017 жылдың 1 жартыжылдығында атқарған жұмысы жайлы айта келе, кейбір статистикалық мәліметтерге тоқталды. Бірінші тоқсанда Глубокое аудандық сотымен 1028 азаматтық, 164 қылмыстық және 670 әкімшілік істер қаралған. Олардың ішінде 66 азаматтық, 49 қылмыстық және 75 әкімшілік іс татуластыру рәсімдерін қолданып, соның ішінде медиация тәртібімен аяқталған.

Баспасөз мәслихаты барысында аудандық газеттердің өкілдері өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға толық жауаптар берілді.

 

Глубокое аудандық сотының

баспасөз қызметі