Банктік заңнаманы қолданудың кейбір сұрақтары бойынша азаматтық істерді қарау тәжірбиесінің соттық талдауы зерттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қалалық сотында Банктік заңнаманы қолданудың кейбір сұрақтары бойынша азаматтық істерді қарау тәжірбиесінің соттық талдауы тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Судья  С.О.Базарова баяндамасында, банктік заңнаманы қолданумен қаралған азаматтық істер туралы, сот төрелігін  сапалы атқару, соттық тәжірбие, қарызды, сыйақыны өндіруге қатысты статитикалық мәліметтерді айтты.

Өткізілген семинардың соңында қатысушылар сұрақтар қойып, қойылған сұрақтарға сәйкесінше жауаптар беріліп, түсіндірілді.

 

Өскемен қалалық сотының

баспасөз қызметі