Айғақ заттарды тәркілеу бойынша сот актілерін орындау

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Көкпекті аудандық сотында «Айғақ заттарды тәркілеу бойынша сот актілерін орындау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

 Аталған шараға Көкпекті аудандық сотының төрағасы Ә.Бақытбекұлы, Көкпекті   ауданының прокуроры Б.Б.Қарымсақов, ШҚО бойынша сот актілерін орындау Департаментінің  Көкпекті аумақтық  бөлімінің сот орындаушысы А.Редькина,   «ШҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» РММ-нің   өкілдері Б.Далбин, Е.Нұрпейсов, сот отырысының хатшысы И.Құсманқызы қатысты.

Көкпекті аудандық сотының төрағасы Ә.Бақытбекұлы сот актілері бойынша айғақ заттарды тәркілеу жұмыстарын жандандыруды талап етіп, оны іске асыру барысында қиындық туғызатын мәселелерді талқылауға салды.

Сот орындаушы А.Редькинаның баяндамасы тындалып, сот актілерінің орындалуы, орындау барысында қиындық туғызатын сұрақтар, тәркілеу бойынша сот актілерінің орындалуы талқыланды.  

Дөңгелек үстел қорытындысында іс шараға қатысушылар туындаған сұрақтар бойынша шешімдер тауып, сот актілерін орындауға атсалысуға міндеттенді.

 

Көкпекті аудандық сотының

баспасөз қызметі